Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Назым Қызайбай президентпен бірге Наурыз тойына қатысты

Үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай президентпен бірге наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шараның құрметті қонағы болды.

Астанада «Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесіне арналған думанды кешке ұлттық киіммен келген белгілі спортшы көпшіліктің көзайымына айналды. Ол бұл жиында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олжас Бектеновтің ортасынан орын алды.

Естеріңізде болса, Назым Қызайбай 16 наурыз күні Серибияның Ниш қаласында аяқталған әлем біріншілігінде 48 келіде топ жарған еді. Ол бұл сындағы жетістігі үшін ІВА тарапынан 100 мың долларға ие болды.

Сонымен бірге, еліміздің бокс федерациясы чемпион атанған спортшыларға ақшалай сыйақы беретінін мәлімдеді. Ал мемлекет тарапынан әлем чемпионадарына 15 мың АҚШ доллары табысталады.

Айта кетейік, Сербиядан еліміздің әйелдер құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленді. Оның ішінде Назым Қызайбай еліміздің бокс тарихында үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы атанып отыр.

Сәйкес жаңалықтар

«Бекзат» секторында көпқабатты тұрғын үй саны 11 болса, оның 10-ы күрделі жөндеуден өткен, 1 тұрғын үйдегі жөндеу жұмыстары желтоқсан айында аяқталуы тиіс

admin

Түркістанда Сарыағаш ауданының мәдени күндері қорытындыланды

admin

Наурыз көже, тонна палау: Астанада мереке күндері қай жерлерге баруға болады

admin