МЫҚТЫ ҚАЗАҚСТАН – БІЗДІҢ ОРТАҚ МАҚСАТЫМЫЗ!

Бүгін Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «МЫҚТЫ ҚАЗАҚСТАН – БІЗДІҢ ОРТАҚ МАҚСАТЫМЫЗ!» тақырыбында зиялы қауым өкілдерінің, ел жанашырлары мен кітапхана ұжымының қатысуымен АЭС салу мәселесін талқылау жиыны өтті.

Талқылау кешіне Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Ядролық физика» факультетінің түлегі Нұрсұлтан Қожамсүгіров, фантаст-жазушы, Халықаралық Ресей Психологиялық ғылым Академиясының Құрметті академигі, профессор Сарманбай Исақ, суретші, Шымкент қаласы суретшілер одағының төрағасы Әбдумүтәліп Мұстафаұлы Ахметов, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын Пернеш Есенбеков, журналист Базаркүл Қалбыр, кітапхана директоры, ф.ғ.к., ақын Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова, «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің директоры Біржан Байтуов, М.Әуезов атындағы Онтүстік Қазақстан Университетінің оқытушысы, саясаттанушы Нұрлыбек Жолдасбекұлы Досыбай, №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Берік Жақсылықұлы Ералиев қатысты.

Талқылауда АЭС-тың елімізге пайдалы және зиянды жақтары кеңінен айтылып, қатысушылар өзара ой бөлісіп, пікір таластырды.

ПІКІР ЖАЗУ