Мұрат Әйтенов қалалық Әділет департаментінің басшысымен онлайн жиналыс өткізді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық Әділет департаментінің басшысымен онлайн жиналыс өткізіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

Департамент басшысы Нұржан Махамбетов 6 айда атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Департамент өз құзырына сай жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін тіркеу салаларын бақылау, нотариат, адвокатура, заң кеңесшілерінің, сот орындаушыларының қызметтерін реттеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау функцияларын іске асыратынын айтты.
Заңды тұлғаларды тіркеу бағытында аудандық әкімдіктермен байланыса отырып көпқабатты тұрғын үйлердегі 95 меншік иелерінің бірлестіктерін тіркеген. Атап айтқанда, Абай ауданы – 40; Әл-Фараби ауданы – 41; Еңбекші ауданы – 6; Қаратау ауданы – 87.

Сонымен бірге, сот актілерін орындау барысында заңсыз салынған құрылыстарды бұзу туралы сот шешімдерін орындату және алимент өндіртуде мәселе туатынын айтты. Қазіргі таңда заңсыз нысан бойынша 44 істе борышкерлер өздері қажетті техниканы тартып, бұзу жұмыстарын жүргізбеу салдарынан мәжбүрлеп орындату қиындық әкелген.

ПІКІР ЖАЗУ