Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп атады. Осы орайда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті 25 қазан Ұлттық мереке Республика күніне орай 2022 жылдың 12-20 қазан аралығында «Менің Республикам» атты мемлекеттік қызметшілердің балалары арасында байқау жариялайды.

Құрметті ата-ана, байқауға құлыншақтарыңызды белсене қатысуға шақырамыз!

Байқау шарты:

Байқауға қатысушы үміткерлер 15 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілердің балалары;

«Менің Республикам» атты эссе (20 жолдан аспауы міндетті);

«Менің Республикам» атты үш шумақ өлең;

«Менің Республикам» атты бейнебаян (ұзақтығы 2,5 минуттан аспайтын);

Ескерту:

Конкурсқа қатысу үшін бұрын көпшілік алдында жарияланбаған және басқа конкурстарға қатыспаған туындылар ұсынылады;

Қатысу үшін өтінім (аты-жөні, байланыс нөмірі, ата-анасының аты-жөні және қызмет орны) толтырып, жұмысты қоса тіркеп gulderay.tineybekova@mail.ru почтасында қазақ немесе орыс тілінде жіберу керек.

Байқаудың қорытындылары 2022 жылдың 20 қазанында жарияланады;

Жүлделі орын алған қатысушылар арнайы дипломмен және сыйлықтармен мараппаталады;

Байқау шарттары туралы толық ақпаратты 8 705 856 32 32 байланыс нөмірінен білуге болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі / Агентство РК по делам госслужбы