Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен кезекті апталық мәжіліс өтті. Жиында тұрғын үй мәселелерін, оның ішінде алғаш рет жүзеге асып жатқан жалдау ақысын субсидиялау тетіктері талқыланды.
Облыс орталығында бүгінде «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы жүйелі жүзеге асырылуда. 2021 жылдың қорытындысымен, конкурс нәтижесі бойынша 500-ге жуық отбасы тұрғын үй сатып алды. Биыл 200-ден астам пәтердің конкурсы жарияланды. Одан бөлек, «Отбасы банк» АҚ арқылы 2021-2022 жылдар аралығында 1 мыңнан астам пәтер сатылымға шықты.Облыста тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау алғаш рет жасалуда.
Биыл облыстық бюджеттен 500 млн. теңге қаралып, бүгінгі таңға «Отбасы банк» АҚ-мен бірге келісім-шарт дайындалды. «Отбасы банкпен» 3635 өтініш қабылданып, тең жартысы мақұлданды. Қалған өтініштер бойынша жұмыстар жалғасуда. Облыстық бюджеттен тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялауға 1493 азаматтарға 25 млн. теңге қаржы қаралды.
