Мемлекеттік тіл туралы дөңгелек үстел өтті

Бәйдібек аудандық сотының ғимаратында аудан прокуратурасының аға прокуроры А.Тілеужанқызы, адвокат  М.Қалдыбиев, медиатор  Қ.Өтеуіл және жеке нотариус Н.Сұлтан және ішкі істер қызметкерлерімен «Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi» туралы  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында сот төрағасы М.Сәрсенов: «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi» – екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып табылатынын және еліміздің халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру ‑ әрбір азаматының парызы екенін атап өтті.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілде іс жүргізу жұмыстары 5 бағытта жүргізіліп жатқандығын айта отыра, олар қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, әкімшілік істері және жалпы құжат айналымы бойынша екенін түсіндірді.

ПІКІР ЖАЗУ