Мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада үздіктері анықталды

Түркістандағы “Түркістан арена” стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. Екі күнге созылған сайысқа облыс әкімдігі, департаменттер мен аудан, қала әкімдіктерінен 400-дей мемлекеттік қызметші қатысқан болатын.
Түркістан облысының құрылғанына 4 жыл толуына және Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне арналған додада спорттың 7 түрінен жүлделер сарапқа салынды. Атап айтсақ, шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, бильярд, қазақ күресі, үстел теннисі және жүзуден сайыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Бәйдібек ауданының командасы жеңіп алды. Екінші орынға Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өрендері ие болды. Ал үшінші орын Түлкібас ауданының мемқызметшілеріне бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, диплом және медаль тапсырылды. Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев спортты серік еткен өңірдің мемлекеттік қызметкерлерін марапаттап, құрмет көрсетті. Облыстық спартакиада ойындарында топ жарғандар республикалық спартакиадаға қатысады деп күтіліп отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТУРКЕСТАН: ОПРЕДЕЛЕНЫ ЛУЧШИЕ В СПАРТАКИАДЕ СРЕДИ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

В Туркестане, на стадионе «Туркестан арена», состоялась церемония закрытия спартакиады среди государственных служащих. В двухдневных состязаниях приняли участие около 400 государственных служащих акимата области, департаментов и акиматов районов и городов.

В рамках празднования четвертой годовщины образования Туркестанской области и Дня государственных служащих были разыграны призы по семи видам спорта – по мини-футболу, волейболу, тогызкумалаку, бильярду, қазақ күресі, настольному теннису и плаванию.

Первое место в общекомандном зачете заняла команда Байдибекского района, второе место – команда департамента государственных доходов по Туркестанской области, а третье – госслужащие Тюлькубасского района.

Победителям и призерам были вручены кубок, диплом и медаль.

Чествовал госслужащих руководитель управления физической культуры и спорта Туркестанской области Канат Жолдыкараев.

Победители областной спартакиады могут участвовать в республиканской спартакиаде среди госслужащих.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ПІКІР ЖАЗУ