Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық қабылдау өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, қолжетімділігі мен танымалдығын арттыру мақсатында азаматтарды қоғамдық қабылдаулар өткізу жоспарланған болатын. Осыған орай, бүгін «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша Төлеби ауданы филиалында қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдау барысында аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты бөлімдердің мамандары тарапынан, сәулет, жер қатынастары, тұрғын үй, білім, әлеуметтік, ауыл шаруашылығы салалары және Электронды Үкімет egov.kz веб-порталы қызметтері бойынша азаматтарға консультациялық кеңестер берілді.

ПІКІР ЖАЗУ