Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы әкімдермен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен жиын өткізді.

Кеңесте өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен өзекті проблемалары талқыланды. Сонымен қатар Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Президент Үкімет пен әкімдерге елдің әлеуметтік мәселелерін жедел реттеу және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырды.

Әкімдіктерге инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау туралы міндеттер жүктеді.

Мемлекет басшысы өңір басшыларына жылыту маусымына дайындықты күшейтуді және күзгі егін жинау науқанын жоспарға сай сапалы орындауды тапсырды. 

Мемлекет басшысы әкімдердің азаматтармен кері байланысты күшейтуі қажет екенін атап өтті.

Кеңес соңында Президент Қазақстан халқына арналған бүгінгі Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру аса маңызды екенін ескертті.

Сәйкес жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне ІТ саласына 35 грант бөлінді

admin

Қазығұрт ауданында газдандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр

admin

Түркістандық ұстаздар Франция, Малайзия, Финляндия, Сингапурда білімін жетілдіреді

admin