“Мектепке жол” акциясы биыл да жалғасады
Алғашқы қоңырау соғылып, балалардың мектепке барар сәті де алыс емес. Осы орайда Түркістан қаласы “Адами әлеуетті дамыту” бөлімінің ұйымдастыруымен 1 тамыз-31 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы бастау алды.
Шара барысында көпбалалы және әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға, киім-кешек, мектеп керек-жарақтарымен және кеңсе тауарларымен толық қамтамасыз етіледі.
Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама қаламызда дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне себепкер болмақ.
Акция барысында үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлерді және мемлекеттік органдарды, қала тұрғындарын акцияға белсене қатысуға, қиын жағдайға тап болған отбасы балаларына қолдау жасауға шақырамыз.