Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Мәжіліс сот жүйесін реформалау туралы заң жобасын қарады

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі сот жүйесін реформалау және процестік заңнамасын жетілдіру туралы заң жобасын 2-ші оқылымда қарады.

Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

Жоба кассациялық сатыдағы азаматтық және қылмыстық істерді алдын ала қарау сатысын алып тастауды ұсынады.

Азаматтар сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат емес, кассациялық шағым береді.

Сот ісін жүргізудің барлық түрлері бойынша кассациялық қараудың бірыңғай ережелері енгізілуде.

Әкімшілік істер бойынша сот актілері оларға апелляциялық шағымданғаннан кейін заңды күшіне енеді.

Сонымен қатар, әкімшілік істер бойынша эксаумақтық соттылық талап қоюшының таңдауы бойынша енгізіледі.

Дербес кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді.

Оның негізгі мақсаты сот практикасын және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау мәселелерін зерделеу және қорыту болмақ.

Сәйкес жаңалықтар

Төлеби ауданынының әкімі аймақтағы инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар барысын баяндады

admin

Түркістан: әскер — еліміздің тірегі

admin

Тең құқылы қоғам

admin