Мас халде көлік басқарып екінші рет ұсталды

Түлкібас ауданының учаскелік полиция инспекторлары күнделікті қызмет атқару барысында кешкі сағат 20:30 шамасында жүрісі күдік тудырған «Subaru» маркалы автокөліктің жүргізушісін тоқтатты. Көлік жүргізушінің құжаттарын тексеріп, медициналық куәландырауға жеткізді.

Анықталғандай, жүргізуші бұл уақытқа дейін ішімдік ішіп, заң бұзғаны үшін сотпен 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Медициналық сараптама 38 жастағы ер азаматтың мас халде болғанын растады.

Яғни, жүргізуші бұған дейін құқық бұзып, көлік жүргізу құқығынан айырылса да, одан қорытынды шығармаған. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ