Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСаясат

«Маңызды серіктесіміз». Тоқаев Ұлыбритания Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға сапары екіжақты қатынастарды дамытуға тың серпін беру тұрғысынан мәні зор екенін айтты.

Біздің маңызды стратегиялық серіктесіміз – Ұлыбританиямен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңіліміз толады. Бүгін Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын айрықша атап өткім келеді. Бұл жан-жақты құжат біздің сан қырлы байланыстарымызды кеңейту үшін берік негіз қалайтынына сенімдімін, – деді Президент.

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты, соның ішінде энергетика, «жасыл» экономика, қаржы, инновация салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға мол әлеует бар екеніне назар аударды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысына 8 айда 596,3 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды

admin

В Алматы проводится массовый демонтаж незаконных торговых точек: за 2 дня демонтировано 21 объектов

admin

Қазығұрт: “Салт- дәстүрім таусылмайтын байлығым”

admin