Маңғыстауда «ҚазАзот» кәсіпорнында ауаға газ атқылады
Маңғыстау облысында «ҚазАзот» АҚ кәсіпорнында ауаға газ бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық экология департаментіне сілтеме жасап.
21 шілде күні 19:11 шамасында Маңғыстау облысы бойынша экология департаментіне «ҚазАзот» АҚ-дан шұғыл хабар түскен. Онда № 4 агрегатты іске қосу процесінде САК цехында абсорбция бағанына су беру желісінде бекіту арматурасының плашкасы кептеліп қалғаны және бағанға тұзсыздандырылған судың шектеулі берілуінің салдарынан ҒТР бұзылғаны айтылады. Соның салдарынан 5 минут бойы атмосфераға нитрозды газ бөлінген. Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті «ҚазАзот» АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізеді.
Сонымен қатар заңда белгіленген тәртіппен қажетті шаралар қабылданады. Атқарылған жұмыстың нәтижесі қосымша хабарланады, – деп мәлімдеді департамент.