МӘМС төлеуден бас тартқандар сотталып кете ме?

Әрбір табыс табатын қазақстандық ай сайын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша төлем жүргізетіні баршаға мәлім, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егер тұлға ай сайын ӘМСҚ жарнасын төлеуден бас тартса, жауапкершілік жүктеле ме?

“Егер тұлға ӘМСҚ жарнасын төлеуден бас тартса, жауапкершілік жүктеле ме?” деген сауалды қордың өзіне жолдаған болатынбыз.

31-баптың 1-тармағына сәйкес есептелетін өсімпұлды қоса алғанда, аударымдар мен жарналардың толық әрі уақтылы төленуін бақылауды мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте, 14-баптың 2-тармағының 1), 9) және 10) тармақшаларында (МӘМС туралы Заңның 30-бабы 8-тармағы), көрсетілген төлеушілердің жарна төлеуі бұл бақылаудан тыс қалады. Осылайша, аударымдар мен жарналардың толық әрі уақытылы төленуін мемлекеттік кірістер органдары қадағалайды, – деп жауап берді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры редакцияның ресми сауалына берген жауапта.

Еске салайық, бұған дейін төлем аударушы ай сайын медициналық сақтандыру қорына аударған төлемін сол айларда қолданбаса, айлығынан қорға берген қаражаты қайда кететіндігі туралы айтқан едік.

ПІКІР ЖАЗУ