«Мал ұрысы» профилактикалық шарасы аясында бірқатар шаралар атқарылатын болады

Түркістан облысы полиция департаментінің тапсырмасымен Қазығұрт ауданы аумағында «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды. Аталған шара 18-20 қараша күндері аралығында мал ұрлығының алдын-алу және ашу, оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында жүргізілуде.

Шара аясында криминалды полиция және учаскелік полицейлер мен ветеринар мамандар тұрғындарға мал ұрлығының алдын алу бойынша әңгімелесу жұмыстарын, сондай-ақ мал ұрлығын жасайтын адамдар мен қылмыстық топтар туралы ақпаратты жинау, малды сою және ет өнімдерін сату орындарын, сондай-ақ даярлаушыларды, қайтып сатып алушыларды және сатушыларды анықтау мақсатында, аудан аумағында ет қабылдау станциялары, мал базарлар мен мал сою алаңдары, ет сататын дүкендер, сауда орындары, базарларға локальды тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, күнделікті республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тартылған жол-патрульік полиция қызметкерлерімен құжаттарсыз (ветеринариялық паспорттарсыз, ветеринариялық анықтамаларсыз, ветеринариялық сертификаттарсыз және т.б.) малды және ет өнімдерін тасымалдау фактілері тексерілетін болады.

Қазіргі уақытта үй жануарларын еркін жаю орындарынан, сондай-ақ жануарларды ұстау аумағынан ұрлаудың алдын алу және ескерту өзекті мәселе болып отыр.

Көбінесе азаматтардың өздері қаскүнемдерге оңай пайда табуға себеп болады. Сонымен, барлық елді мекендерде азаматтар мал жаю үшін арнайы бөлінбеген жерлерге шығарады. Сонымен қатар, олар оны қараусыз қалдырады, бұл – малдың жоғалуына, оны өз бетінше іздеуге және жоғалған мал фактілері туралы Құқық қорғау органдарына уақтылы хабарлау мүмкіндігі болмауына әкеледі.

Жеке аулалар мен еркін мал жаю орындарының аумақтарынан үй малын ұрлаудың алдын алу мақсатында азаматтар үй малы ұсталатын аулалардың (биік қоршаулар, қақпалардағы тиек құрылғылары және т. б.) және шаруашылық құрылыстарының техникалық нығайтылуын күшейту бойынша шаралар қабылдауы, өз малын тек ұйымдастырылған мал жаю орындарына айдауды жүзеге асыруы, жануарларды биркалау және таңбалау жүргізуі, үй малын көшеде қараусыз қалдырмауы, еркін жаюға, оның ішінде елді мекен аумағында еркін жаюға жол бермеуі қажет, мал жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз.

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында, “ҚР ІІМ 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті сақтау жөніндегі бағдарламасын” іске асыру шеңберінде полиция бөлімі жергілікті атқарушы органдардың, ветеринариялық қадағалау және бақылау инспекциясының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, қараусыз қалған мал жаю фактілерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

Қараусыз қалған малды жаю фактісі анықталған жағдайда полиция қызметкерлері мен ветеринариялық инспекция өкілдері іс материалдарына тиісті растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасы арқылы иелерін анықтау бойынша шаралар қабылдайды. Қараусыз қалған мал арнайы қораларға орналастырылады, кейіннен иелеріне қайтарылады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.