Мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар адамдар тобын полиция ұстады
Мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар адамдар тобын полиция ұстады. Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Сарыағаш ауданының аумағында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, біреуі сатып алушы болып табылатын 3 күдіктіні ұстады. Олардың барлығы Сарыағаш ауданының тұрғындары, мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар Сарыағаш ауданының тұрғындары. Жалпы келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден асты.
Мәселен ағымдағы жылдың жазында күдіктілер “оңай пайда табу” мақсатында жергілікті тұрғынның ауласына кіріп, қорадан жылқысын ұрлап кеткен. Содан кейін олар ұрланған жылқыны сатып алушыға өткізіп, ал ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Тінту кезінде полиция ұрланған жылқыны тәркіледі.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде және барлық мән-жай анықталуда.