Мақтааралдық полицейлер мал ұрлығының алдын алу бойынша жиын өткізді

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Сәруар Шоқанның төрағалығымен

мал ұрлығы қылмысының алдын-алу бойынша жиын өтті. Жиынға полиция бөлімінің қызметкерлері және ветеринарлық мекеме мен басқа да тиісті сала мамандары қатысты.

Жиын барысында мал ұрлығына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Аудандағы үй жануарларының қайта санағын шығарып, паспорттарымен сырғалау және таңбалау жұмыстарын жүргізу бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар ветеринария мамандарымен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, қараусыз жүрген мал иелеріне қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстарын бірлесіп жүргізу бойынша ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ ветеринария мамандарымен әрбір малдың есебін жүргізу, таңбалау, сырғалау секілді жұмыстарын үзбей жүргізу жөнінде тапсырмалар жүктелді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ