Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСаясат

Мақтааралда референдум участкісінде әжелер шашу шашты

 

 Мақтаарал ауданы, Алғабас ауылының әжелері референдум учаскесінде шашу шашты. Көп балалалы аналар елімізде өтіп жатқан бүкілхалықтық референдумның халық үшін зор қуаныш, үлкен той екенін атап өтті.

 «Жаңа Қазақстанды құру жолындағы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамаларын ел болып қолдауымыз керек. Бала-шағамыздың, немере-шөберелеріміздің жарқын болашағына сенім артып дұрыс таңдау жасау үшін бүгін ауылдың әжелері болып учаскеге келдік» — деді ақ жаулықты әжелер.

 Қазақтың салт-дәстүріне өте берік ауылдың әжелері өздерінен соң орта жастағы келіндері мен жас келіндері референдумға қатысуға келетіндерін айтты. Сонымен қатар, әжелер ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін жеткізді.

 Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 59 референдум учаскесі таңнан бері жұмыс істеп тұр. Аудан аумағында республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 70587 азамат тіркелген.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Өңештің қатерлі ісігіне алғаш рет тіліксіз ота жасалды

admin

Түркістан облысында 700-ден астам мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетеді

admin

Түркістан жастары Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында экологиялық акция өткізді

admin