Мақтааралда “Мейірімділік-асыл қасиет” атты іс-шара өтті

Мақтаарал ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мейірім-Шапағат» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Мейрімділік-асыл қасиет” атты іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова және ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Жазира Алипова ашып беріп, балаларға деген жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтты. Сондай-ақ, балаларға сый-сыяапаттарын табыстады.

Сонымен қатар, аудандық Әжелер алқасының төрайымы Шахзада Құрбанбаева құттықтау сөзге шығып, мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсетіп жатқаны үшін оңалту орталығының ұжымына алғысын айтты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыуымен «Жетіген» өнер мектебінің өнерпаздары заманауи билерін билеп балалардың көңілін көтерді. Сонымен қатар, «Ритм денс» студиясының биші қыздары Классика биін биледі. Оңалту орталығының қызмет алушы балалары Бахитов Есен жәнеде Типова Сафия, Сафарбекова Самира ән айтып, би биледі.

Іс-шара барысында оңалту орталығының психолог маманы Сейдуллаева Мадина ата-аналармен балалар арасында ойындар ойнатып, тренинг өткізді. Ата-аналар оңалту орталығының ұжымына алғыстарын айтып өз ризашылықтарын білдірді.

ПІКІР ЖАЗУ