Мақтаарал ауданында жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Мақтаарал ауданы аумағында, 2024 жылдың 23 мен 28 шілде аралығында жергілікті атқарушы органдар мен басқа да қоғамдық өкілдердің қатысуымен бірлескен «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр.

Іс-шараның мақсаты- жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен, адам тасымалдайтын автобус жүргізушілерімен профилактикалық жұмыстар жүргізу.

Шара барысында тәртіп сақшылары 30-ға жуық жолаушы тасымалдайтын көлік құралдарын тексеріп, жүргізушілеріне қатысты 15 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.

Оның ішінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың -2 жәйті, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарудың -1 жәйті, қарап-тексеру және медициналық байқаудан өтпеген жүргізушінің көлік басқарудың -3 жәйті мен көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды пайдалануының -2 жәйті, маневр жасау қағидаларын бұзудың 3 жәйті анықталды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ