Мақтаарал: аудан әкімі күміс жүлдегерді марапаттады

Сербия мемлекетінде әскери самбодан өткен Әлем чемпионатында 88 келі салмақта мақтааралдық спортшы Ахмад Бобоев күміс жүлдегер атанған болатын.

Аудан әкімі Бақыт Асанов спортшыны арнайы қабылдап, өзінің ыстық лебізін жеткізіп, арнайы құттықтады.

“Әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғап жүрген өзің сияқты жерлестерімізбен мақтанамыз. Бұдан да биік белестерді бағындырып, еліміздің әнұранын шырқатып, көкбайрағын желбірететініңе сенеміз. Өзің сияқты қайсар, қайтпас спортшыларымыз көп болсын!” – деді, Бақыт Насырханұлы.

Жиын барысында аудан басшысы алғыс хаты мен сый-сияпатын табыстап, ауданымызда бұқаралық спортты дамыту бойынша сала басшыларымен сұхбат құрды.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ