Мақтаарал: адамның адамшылығы жақсы ұстаздан

Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері!

Сіздерді Ұстаздар күні мерекесімен және білім қызметкерлерінің кәсіподағы күнімен аудан жұртшылығы атынан шын жүректен құттықтаймын!

Білім – игілік пен бірлік, байлық пен дәулеттің, жарқын болашағымыздың негізгі қайнар көзі. Бәсекеге қабылетті дамыған ел болу үшін біз жоғарғы білімді ұлт болуымыз керек.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында білім мен ғылымды елдің аса маңызды басымдықтары ретінде көрсетеді.

Президентіміздің бастамасымен “Жайлы мектеп” жобасы, Білім беру гранттары, жеңілдетілген несиелер, “Ұлттық қор” бағдарламасы ұлт әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқаратыны да сөзсіз.

Менің бастамаммен ауданымызда да білім саласына көп көңіл бөлінуде. Жаңадан мектептер салынуда, мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, білім ошақтары барлық қажетті жабдықтармен жарақтандырылуда, жаңа технологияларды енгізу үшін арнайы кабинеттер ашылуда. Мәселен, ауданымыз қайта құрылғалы 5 жыл ішінде 17 жаңа мектеп ғимараты пайдалануға беріліпті. Қазіргі таңда 6 мектетің құрылысы жүріп жатыр, тағы 3 мектептің құрылысы басталады.

Білім ордасы – мектеп жас ұрпақты тәрбиелейтін киелі де қасиетті мекен. Ал, сол мектептің негізгі тірегі – білімді де, білікті ұстаз. Заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, дүбірлі білім жарыстарында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – Сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы – адам болса, сол “адамның адамшылығы жақсы ұстаздан” деген дана Абай.

Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін!

Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін!

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілеймін!

 

Ізгі ниетпен,

Мақтаарал ауданының әкімі

Асанов Бақыт Насырханұлы

ПІКІР ЖАЗУ