Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Басты жаңалықЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Махамбет ауданында қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді

Махамбет ауданының прокуратурасы еңбек және зейнетақы заңнамасы талаптарын бұзу салдарынан, 423 азаматтың құқықтары бұзылғанын анықтады.

Атап айтқанда, Орталық аудандық аурухананың лауазымды тұлғалары заң талаптарын елемей, 338 қызметкерге қатысты 29 млн теңге көлемінде зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды төлемеген.

Тек прокуратураның араласуынан кейін, заң бұзушылықтар жойылып, қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылды, осылайша олардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Осындай бұзушылықтар «Махамбет Су» КММ-нің 85 қызметкеріне қатысты да анықталды, мұнда 21 млн теңге көлемінде жарналар төленбеген.

Қадағалау актілері бойынша аталған кәсіпорындардың директорлары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 3 бабы (91, 92, 92-1) бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының басты міндеті.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өтті

admin

Шымкентте ауруханада науқас дәрігерлерге шабуыл жасады

admin

Арыста жол картасы аясында салынған оқу ғимараты пайдалануға берілді

admin