Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды

 Магистратура бойынша 2025-2026 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды. Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 20 мыңнан астам адам қатысты. Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2025 жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін төмендегі сілтемелерден көре аласыздар:

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Telegram арнасы https://t.me/SayasatNurbek;

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі https://t.me/gylym_jogary_bilim;

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтынанhttps://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk;