М. Әйтенов: «Биылғы қысқа дайынбыз, енді қателесуге болмайды»
Бүгін аудан әкімдері және қала коммуналшылары мәслихат депутаттарына алдағы жылу маусымына дайындық бойынша есеп берді. Есепті тыңдаған мәслихат депутаттары атқарылған жұмысқа қандай баға берді?
Бес аудан әкімі кезекпен жылу маусымына дайындық барысын баяндады. Қала басшысы Мұрат Әйтенов көп қабатты үй тұрғындарын сығымдау жұмысын уақытылы жүргізуге шақырды.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Тұрғындар үйлерінде сығымдау жұмыстарын жүргізуі тиіс. Олай болмаған жағдайда үйлерді ешкім қабылдамайды. Шымкентте алдағы жылу маусымына дайындықты лайықты жүргізу қажет. Бұл барлығына тапсырма. Білім мекемелерінде жайлы температура болуы шарт. Олар қадағалауда болады».
Қала басшысы биыл қыста былтырғыдай қателікке жол бермеу үшін дайындықты күшейтіп жатқанын айтты: «Алдағы қысқа дайынбыз, былтырғы қателіктерге жол бермеуіміз керек».
Жылу маусымына дайындық барысын тыңдаған былтырғы жағдай қайталанбас үшін бұл жұмысты депутаттар да қатаң бақалуға аламыз,- дейді.
Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы: «Біз депутаттар коммуналдық мекеменің жұмысын тексереміз. Алдағы қыркүйек те барлық жылу жүйелері мен нысандарды, үйлерді көріп шығамыз. Біз білеміз инерттік материалдар жетіспегенін. Біз оны бақылауға аламыз. Артығымен қорын жасаймыз, жетпей қалғанша».
Жиын соңында халық қалаулылары халықпен жиі кездесіп, шенеуніктер жұмысын әрқашан бақылауда ұстайтынын жеткізді.