LRT құрылысына байланысты Астанадағы орталық даңғылдың бір бөлігі жыл соңына дейін жабылады

LRT құрылысына байланысты Астанадағы Қабанбай даңғылдың бір бөлігі 14 желтоқсаннан бстап жыл соңына дейін жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CTS компаниясына сілтеме жасап хабарлайды. Компания мәліметінше, 14-30 желтоқсан аралығында LRT желісінің №105 станциясында қаңылтыр қоршауларды демонтаждауға байланысты, Қабанбай батыр даңғылының”Астана Жұлдызы” аялдамасынан Хусейн бен Талал көшесі бағытындағы бір жолағы 100 метрге ішінара жабылады. “Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз”, – делінген хабарламада. Айта кетейік, Астанада LRT құрылысы бойынша жұмыстарға байланысты Сығанақ көшесі бойынша қозғалыс толығымен шектелгенін жазған едік. Қараша айында дейін Мәңгілік ел даңғылының бойында Сығанақ көшесімен қиылысатын жерде көлік қозғалысы мен қоғамдық көліктер қозғалысы толығымен шектелген болатын. 

ПІКІР ЖАЗУ