Лездемелік мәжіліс өтті
Аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен аудан әкімі аппаратының кезекті лездемелік мәжілісі болып өтті. Мәжіліс күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Алғашқы болып «2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларының орындалу барысы туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Есембаева баяндады. Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс салалары негізгі индикатор болып саналатындықтан, аудан басшысы Нұрлан Мархабатұлы тиісті бөлім басшыларына жұмысты бақылауды тапсырды.
Екінші мәселе бойынша аудан аумағындағы республикалық және облыстық бағыттағы жолдардың қыс мезгіліне дайындық жұмыстары туралы салаға жауапты бөлім басшысы А.Бейсеев баяндап, жолды қыс мезгілінде тазалауға қажетті техника жеткілікті екенін жеткізді.
«Ауыл шаруашылығы саласындағы 9-айда атқарылған жұмыстардың барысы туралы» бөлім басшысы Ж.Керімқұлов айта отырып, күзгі дала жұмыстардың барысы, ауылшаруашылық саласына тартылған инвестиция, техикаларды жаңарту, тамшылатып суғару жүйесін енгізу, алма бау шаруашалығын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
«Аудандағы қоғамдық – саяси ахуал тұрақтылығын сақтау шаралары туралы» бөлім басшысы Р.Алтынбеков, «аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы» Төтенше жағдайлар бөлімінің бөлімінің бас маманы А.Қоқыров жеткізді.
Мәжілісті аудан әкімі Н.Байғұт қорытындылап, жауапты бөлімдерге қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын қатаңдатуды және жоспарланған жұмыстарды орындауды міндеттеді.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі