Ленгір қалалық «Сапсан» жастар құрама командасының ұйымдастыруымен кезекті аудан жастары арасында кіші футболдан қайырымдылық турнирі болып өтті

ҚМДБ,Түркістан облысы,Төлеби ауданы,орталық «Нұр» мешіті мен “Жастар ресурстық орталығы” КММ және Ленгір қалалық «Сапсан» жастар құрама командасының ұйымдастыруымен кезекті аудан жастары арасында кіші футболдан қайырымдылық турнирі болып өтті.

Турнир ережесі мен негізгі бағыты сол бәз баяғы, жүлделі орындарға берілетін ақшалай сыйақылар толлығымен қайырымдылық бағытқа жұмсалынады. Бұл жолғы жиналған қаражат Ленгір қаласындағы мүмкіндігі шектеулі 7 балаға сыйлықтар мен тәттілер салынған арнайы қорапшалар үйлестірілетін болады деп сөзін түйіндеді аудан бас имамы Үсен Саурбаев жиынның марапаттау шарасында.Осы турнирдің өтуіне ат салысып үлес қосқан баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге береке бергей. Әмин!

Турнир қорытындысы төмендегідей.

1-орын «Жас қыран» командасы,

2-орын «Ленгір» командасы,

3-орын «Сұлтан рабат» командалары иеленіп жүлделі кубок, медаль және бірқатар жекелей алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.

ПІКІР ЖАЗУ