Қызмет барысында қаза болған полицейді еске алу турнирі өтті

Павлодар облысының полицейлері қызмет барысында қаза болған Асылбек Бижановты еске алу турнирін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Успен ауылының “БЖСМ” спорт кешенінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан милиция лейтенанты Асылбек Бижановты еске алуға арналған турнир өтті. Турнир полиция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқандардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Естеріңізге сала кетейік, 1997 жылы 19 қазанда – 21 жасар лейтенант Асылбек Бижанов Ильичев АІІБ-нің кіші жедел уәкілі Талғат Сембаевпен бірге Павлодар химия зауытының медсанқызмет ауруханасының хирургиялық бөлімшесін күзетуге жіберілді. Онда Павлодар қаласының тұрғыны қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адамды емдеуге орналастырды. Кешке қарай ұсталған адамның палатасы мен полиция бекетінде тұрған полиция қызметкерлеріне мылтықпен оқ жаудырған төрт қарулы адам кірді. Асылбек Бижанов қаза тауып, Талғат Сембаев ауыр жараланды. Шабуылдаушылар өздерімен бірге ұсталған адамды алып қашып кетті. Полиция қызметкерлерін атқан адамды сот атуға үкім шығарады, оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Дәстүрлі турнирді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов ашты.

– Турнир жақсы дәстүрге айналды. Біз әріптесімізге және соңына дейін отанына адал болып қалғандардың барлығына құрмет көрсетеміз. Олар біздің жүрегімізде тірі және олардың ерліктері жас ұрпаққа үлгі болады. Асылбек Бижанов полицияның үздік қызметкерлерінің бірі және тамаша адам болған. Біз өз қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз, олар өз өмірлерін қатерге тігіп, қылмыспен күресіп, форманың абыройын сақтап, әдептілік пен принціпшілдіктің үлгісі болды. Олар полиция органдарының сенімді тірегі. Есімдері біздің жадымызда мәңгі қалады және батылдықтың, қызметтік міндеттерін мінсіз орындаудың және антқа адалдықтың жарқын үлгісі, – деді Думан Қожахметов.

Жиналғандардың алдында Асылбектің анасы-Ұмсанған Шәрімқұлқызы сөз сөйледі. Ол отбасының атынан полиция департаментінің басшылығына, ұлының бұрынғы әріптестері мен достарына көңіл бөлгені және көмектескені үшін алғыс айтты.

 – Мен сіздердің қызметтеріңіздің қаншалықты қауіпті және қиын екенін білемін. Күн сайын жұмысқа шыққанда денсаулықтарыңызға, өмірлеріңізге қауіп төндіресіз. Мен Сіздерге жұмыстан әрқашан үйге аман-есен оралуларыңызды тілеймін, – деді анасы.

Жарысқа ПД бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Қатысушылар тәртіп бойынша өз қабілеттерін көрсетуі керек болды. Олардың арасында футбол, тартылу, гір көтеру және арқан тарту жарыстары бар. Барлық командалар іс-қимылдардың үйлесімділігі мен жеңіске деген көзқарасын көрсетті. Футболда шиеленісті күрес басталды, онда жартылай финалға шығу үшін дауды ең мықты ойыншылар жүргізді. Финалдық ойында Павлодар облысы ПД командасының ойыншылары жеңіске жетті. Павлодар қаласы ПБ-ның командасы жүлделі екінші орынды алды. Үшінші орын ПД ЖҚАЖ командасына бұйырды. Тартылу бойынша жарыстарда Қуаныш Шұғайыпов жеңіске жетсе, II орын – Айдос Сапарбекке бұйырды. ІІІ орынды Әли Әбелдинов иеленді. Салмақ дәрежесінде 70 келіге дейін гір көтеруде Екібастұз қаласы ПБ қызметкері – Алхам Смағұлов, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің оқу орталығы қызметкері – Рымбек Жұманбаев күміс және Ертіс ауданы ПБ  қызметкері – Қанатбек Серікберген қола жүлдеге ие болды. 70 келіден астам салмақ дәрежесінде қол күресте ең үздік атанған ПД  аппаратынан Костеренко Борис болса,  екінші құрметті орын Екібастұз қаламы ПБ қызметкері – Тахир Касумовқа бұйырды. Үшінші орынды МКҚБ-дан Мақсат Кәрімов иеленді. Арқан тарту бойынша жеңімпаздар ПД ОЖВ командасы, екінші орын – ПД ЖҚАЖ және үшінші орын Екібастұз қаласы ПБ командасы болды. Жалпы командалық есепте 1-орынды ПД ЖҚАЖ командасы, 2-орынды Екібастұз қаламы ПБ командасы және 3 орынды ПД ОЖВ командасы иеленді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/pavlodarda-qyzmet-barysynda-qaza-bolghan-politsejdi-eske-alu-turniri-otti/

ПІКІР ЖАЗУ