Қызмет арқылы табысқан отбасы

Ордабасы ауданына полицейлер әулетімен танылған отбасылардың бірі – Әбдібековтер отбасы. Ауданымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ел ішінде тәртіпті жіті назарда ұстауда талмай қызмет етіп келе жатқан Жұпар Абибуллақызы жолдасы Серік Берікұлымен ішкі істер саласында қызметтерін ұштастырған аяулы жар, көпбалалы ана. Әбдібековтер отбасы бүгінде 7 ұл-қызды тәрбиелеп, немере сүйген, татулық пен берекеге толы шаңырақ.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бүгінде Серік Әбдібеков пен Жұпар Абдибекованың ұлдары Қадыр Беріков Шымкент ҚПД де арнайы жасақтың аға инспекторы полиция аға лейтенанты қызметін атқарса, Мұқасан Серікұлы Шымкент қалалық төтенше жағдайлар депатаменті Аль-Фараби ауданының анықтаушысы, төтенше жағдайлар қызметінің аға лейтенанты қызметін абыроймен атқарып келеді.

Отбасы күні қарсаңында Әбдібековтер әулетін баршаға мақтан тұта отырып, амандық және баянды отбасылық бақыт тілейміз! Берекесі мол күздің алғашқы айымен бірге жеткен Отбасы күні мерекесі әрбір шаңыраққа шаттық пен құт-береке әкелсін!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ