Қытайларға жер беріліп жүр ме? – министр жауап берді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстан жерлерінің қытайлықтарға беріліп жатқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысынан соң өткен брифингте журналист Ауыл шаруашылығы министріне “Желіде Қазақстан Қытайға кең көлемді жер береді деген ақпарат әлі тарап жүр. Осыған қатысты министрдің жауабын өз аузынан естігіміз келеді” деп сауал қойды.

Мұны жер ресурстары комитеті бақылауда ұстайды. Себебі жер кодексіне байланысты шетелдік азаматтарға ешқандай жер берілмейді. Жалға да берілмейді. Ешқандай жер беріліп жатқан жоқ. Бұл – фейк. Өзіміздің шаруалар жұмыс істеп жатыр, – деп жауап берді Айдарбек Сапаров.

Еске сала кетейік, мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ыстық әрі құрғақ болатыны туралы осыған дейін жаздық. Құрғақшылық жайлайтын 10 аймақ та аталды.

ПІКІР ЖАЗУ