Қытай мемлекетіндегі Кентаулық делегация келелі келіссөздер жүргізуде

Түркістан облысынан және Кентау қаласының әкімдігі барған делегация ҚХР-дағы өндірістік Линцинь қаласындағы ірі кәсіпорындармен танысумен бастады.

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов бастаған делегация Қытай мемлекетінің Ляочэн қаласындағы «Сычуан Цзинцин тау-кен компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерінің арасында кездесу өтті. Сычуань Цзинцин тау-кен компаниясының басқарма төрағасы Ян Чжицэй мырза мен Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов арасында достық келіссөздер жүріп, кейін келесі ынтымақтастық ниеттері туралы меморандумға қол қойды.

Онда Кентау қаласындағы өнеркәсібінің дамуына, оның ішінде кенді барлау, өндіру, кен өнімдерін өңдеуге, қаланың әлеуметтік ортасын жақсартуға мемлекеттік инвестицияларды жүргізуге келісілді.

Жандос Тасов қалаға инвестиция салып кәсіпорын жұмыстарын жүргізуге ниеттілерге, қолайлы жағдай жасау арқылы жеңілдіктер беруде қолдау көрсетуге әзір екендігін жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ