Қытай басшысы көрші елдермен ортақ тағдыр қауымдастығын құруды ұсынды

Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпин көрші елдермен ортақ тағдыр қауымдастығын құруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

CGTN-нің мәліметінше, Си Цзиньпин өз сөзінде Қытайдың көршілес елдермен жақсы қарым-қатынастар орнатудағы жетістіктерін қорытындылап, алдағы кезеңнің аймақтық сыртқы саясатының мақсаттарын атап өтті. Ол Қытайдың кең аумағы мен ұзақ шекаралары бар екенін ескере отырып, көрші елдермен жақсы қарым-қатынастар орнатудың елдің дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды басымдық екенін айтты.

Кеңеске қатысушылар Қытайға көрші елдермен қарым-қатынасты ғаламдық тұрғыдан қарауды және осы бағыттағы жауапкершілікті арттыруды ұсынды. АҚШ Қытайға қатысты сауда баждарын бірден 125%-ға дейін көтерді.

Қытай жауап ретінде АҚШ-тан импортталатын тауарларға қосымша тарифті 34%-дан 84%-ға дейін көтерді. Бұл шешім 2025 жылғы 10 сәуірде Бейжің уақытымен 12:01-ден бастап күшіне енді. 

Еске сала кетейік, 2 сәуірде Трамп сауда саласындағы ауқымды шараларды жариялаған болатын: АҚШ-қа жеткізілетін барлық өнімдер үшін 10%-дық базалық тарифтер енгізілді. ЕО үшін бұл көрсеткіш 20%-ға, ал Қытай үшін 34%-ға дейін көтерілді. Кейінірек АҚШ Қытайға қарсы баж салығын 104%-ға дейін көтерді.

ПІКІР ЖАЗУ