Қытай әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды адамдарды тартпақ
АСТАНА. KAZINFORM – Қытай премьер-министрі саясатты оңтайландырып, кадр алмасуды жеңілдететінін айтып, шетелдік сарапшыларды Қытайдың дамуына тереңірек атсалысуға шақырды.
Бұл туралы Қытай премьер-министрі Ли Цян Бейжіңде өткен форумға қатысып, шетелдік сарапшылармен кездесіп, олардың Қытайдың дамуы мен үкімет жұмысы туралы пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау кезінде айтты.
Ли Цянның айтуынша шетелдік мамандар Қытайдың экономикалық және әлеуметтік дамуын ілгерілетуде және Қытай мен шет елдер арасындағы алмасу мен ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқарады.
«Қытайдың дамуы – ашық даму және ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген таланттарды құшақ жая қарсы алады. Шетелдік мамандар Қытайдың дамуына тереңірек атсалысып, Қытай үлгісіндегі модернизацияның үлкен сахнасында өз таланттарын толық көрсетеді деп үміттенеміз», – деді Ли Цян.
Ли Цян, сондай-ақ, Қытай да саясатты оңтайландырып, зияткерлік меншік құқығы мен басқа да құқықтарды қорғауды күшейтіп, дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген таланттардың Қытайда жұмыс істеп, өмір сүруіне жақсы жағдай жасайтынын айтты.