Қырғызстан мен Тәжікстан қосымша 12 шақырым шекараны бекітті
Қырғызстан мен Тәжікстанның топографиялық жұмыс тобы тағы 11,88 шақырым қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын келісті, деп хабарлайды Kazinform ҚР Министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бустонда 17-23 желтоқсан аралығында Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекара делимитациясы мен демаркациясы бойынша үкіметтік делегацияның топографиялық жұмыс топтарының кезекті кездесуі өтті. Онда екі елдің 11,88 шақырым мемлекеттік шекарасы келісілді.
Тараптар қалған аумақтарды сипаттау жұмысын Қырғыз Республикасында өтетін келесі кездесуде жалғастырады. Кездесу қорытындысы бойынша тиіс хаттама толтырылды.
Тәжікстан мен Қырғызстанның 970 шақырымға созылатын ортақ шекарасы бар екенін еске сала кетейік. Оған қоса жүздеген шақырым шектесу сызығы әлі анықталып, бекітілмеген. Тараптар кезектесе отырып бір-бірінің аумағында кездесу өткізеді.