Қыран елім – Қазақстан
Бүгін Түлкібас ауданында Республика күніне арналған іс-шаралар жоғарғы деңгейде аталып өтілді.
Мерекеге орай аудан орталығындағы «Менің Түлкібасым» аллеясында этномәдени орталықтары, спорт және өнер мектептерінің, білім мекемелерінің ұйымдастыруымен көрмелер қойылып, түрлі көрсетілімдер аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылды.
Содан соң, мерекелік шара аудандық мәдениет үйінде «Қыран елім-Қазақстан» атты іс-шарамен жалғасын тапты.
Игі шараның ашылуында аудан әкімі Нұрлан Байғұт алғы сөз алып, ауыл тұрғындарын айтулы мерекелерімен құттықтады.
«Биыл қазақ елі үшін қуанышты жаңалық, Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайда көтерген ұсынысымен ұлық мерекеміз-Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайта беріліп, биылдан бастап елімізде кең көлемде тойланғалы отыр. Аудан тұрғындарының ынтымағы мен бірлігінің және еңбекке деген құштарлығының арқасында өңіріміздің дәулеті мен сәулеті артып, әл-ауқатымыз жылдан-жылға жақсаруда. Баршаңызды Республика күнімен құттықтай отырып, тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы, мәңгілік еліміздің келбеті жарқын болсын»-деді, аудан басшысы өз сөзінде.
Мерекелік шарада ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі сала қызметкерлері аудан әкімі мен облыс және аудан мәслихатының алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара жалғасы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, аудан тұрғындары мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі