Күзгі дала жұмыстарына жүргізуге Үкімет тарапынан бөлінген жанар-жағармай (дизель отынын) мәселесі кеңінен талқыланды.

Жуырда аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген дизель отынмен қамтамасыз ету бойынша тасымалдау, жеткізіп беру, жанар-жағармай (дизель отыны) қорының көлемі және оның бағасын нақтылау жөнінде ауыл округтерінде жиындар өткізілді. Жиынға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл, жанар-жағармай тасымалдаушы операторлар («Майсс» ЖШС өкілі Т.Әлсатов және «КазРосНефть» ЖШС-ның директоры К.Жұмабек) ауыл әкімдері, кооператив, шаруа қожалық төрағалары, ауыл округтеріндегі жанар-жағар май бекетінің иелері қатысты.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл жиындарды жүргізе отырып, өз сөзінде Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Т.Оспановтың бекіткен кестесіне сәйкес, Шардара ауданына 2022 жылы аудандағы күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген жанар-жағар майды (дизель отыны) агроқұрылымдардың уақтылы алу, бағасын 1 литрін 202,0 теңгеден сатылу керектігін, сол үшін өздеріңізбен келісім жасау жөнінде операторлардың өзі арнайы келіп отырғандығын жеткізді.

Өз кезегінде жанар-жағармай тасымалдаушы операторлар қажетті жанар-жағармайды уақтылы жеткізуді тиісті деңгейде ұйымдастыруды қолға алатындығын, калькуляцияға сәйкес, бекітілген бағада бір литрін 202,0 теңгеден жергілікті жанар-жағар май бекеттері иелерінің шығынын қоса есептегенде ауданға тасымалдап беретінін, шаруаларға барынша қолдау білдіретінін, шілде айына бөлінген жанар-жағармайды осы айдың 15 тамызына дейін тасымалдап алу керектігін және босататындығын жеткізді. Кездесуде әртүрлі ұсыныстар айтылып, бір шешімге келіп, ауыл округтеріндегі агроқұрылымдар өкілдері бұл мәселеге қосылатындықтарын жеткізіп, өз алғыстарын білдіріп жатты.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл Үкімет тарапынан күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген 4030,0 тонна жанар-жағар май (дизель отыны) жөнінде халыққа кеңінен хабарлауды осы тұрғыда ауыл әкімдіктерімен бірлесіп тиісті жұмыстарды атқару, қадағалау керектігі жөнінде айта келе мәжілісті қорытындылады.

(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ