Күздің басты сөресі – Almaty Marathon 28 қыркүйекте өтіп, 16 мың жүгірушіні біріктіреді

28 қыркүйекте Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі сөре – Almaty Marathon өтеді. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырып отырған жарыс биыл он төртінші рет Республика алаңынан басталып, 60-тан астам елден келген 16 000 атлетті біріктіреді. Осы жылы екі рекорд тіркелді: 1200-ден астам шетелдік қонақ қатысқалы отыр, ал 42,2 км марафондық қашықтыққа 1500 адам өтінім берді.
Республика алаңынан басталған жүгіру бағыты әл-Фараби даңғылы бойымен созылып, қатысушылар асқар Алатаудың әсем бейнесін тамашалай алады. Жол бойында Тұңғыш Президент саябағы, Ботаникалық бақ және қаланың тарихи маңызы зор басқа да көрікті орындары орналасқан. Қатысушыларға бірнеше таңдау бар: марафон 42,2 км, жартылай марафон 21,1 км, 10 км қашықтық және скандинавиялық жүріс 10 км. Корпоративтік командалар үшін «Экиден» эстафетасы ұйымдастырылады, онда марафон қашықтығы алты қатысушы арасында бөлінеді. Мәреге жеткендердің барлығына естелік медаль табысталады, ал негізгі қашықтық жеңімпаздарына ақшалай сертификат, медаль, мадақтама қағаздары және бағалы сыйлықтар беріледі.
Almaty Marathon жыл сайын ауқымы мен қайырымдылық бағытын кеңейтіп келеді. Қор құрылған күннен бастап қатысушылардың сөрелік жарналарынан түскен қаржының бір бөлігі балаларға арналған әлеуметтік жобаларға жұмсалып келеді. Биыл «Бірінші болу батылдық» қоры «AYALA» қайырымдылық қорымен бірлесіп, Шымкент пен Түркістан облысындағы екі перинаталдық орталыққа жалпы құны 106 241 284 теңге болатын заманауи диагностикалық жабдықтар тапсырды. 14 жыл ішінде қор 370 миллион теңгеден аса қайырымды іске демеуші болды. Олардың мақсаты сәбилер арасындағы мүгедектік деңгейін төмендету, спортты қолжетімді ету және ұлт денсаулығын нығайту. жаңа қайырымдылық бастамалары туралы ұйымдастырушылар жақында жариялайды.
«Almaty Marathon – Қазақстандағы халықаралық AIMS күнтізбесіне енген жалғыз старт. Біз үшін бұл – спортты баршаға жақындатудың, елді әлемге танытудың жолы. Биыл біз тарихымыздағы ең көп шетелдік қатысушыны қабылдап отырмыз».
«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының сөрелері» – Қазақстандағы халықаралық марафондар мен жарыстар күнтізбесіне (AIMS) күнтізбесіне енген жалғыз сөре. AIMS – 115 елден 445 марафонды біріктіретін қауымдастық. Almaty Marathon – солардың ішіндегі ең ірісі әрі қор тарихы осы шарадан бастау алады. Оның мақсаты – спортты бұқараға қолжетімді ету. Бұл марафон адамдарды біріктіріп қана қоймай, туризмді дамытады, бизнесті қолдайды және елдің халықаралық беделін арттырады. Биыл біз рекордтық көрсеткішке жеттік – әлемнің 60-тан астам елінен 1200-ден астам шетелдік қатысып отыр», – деді Қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.
Almaty Marathon түркі елдерінің TAN сериясына кіреді, ал оның жарыс жолдары World Athletics талаптарына сай сертификатталған. Марафон экологиялық стандарттарға да назар аударады: бір реттік құрылымдарды азайтып, қалдықты қайта өңдеу үшін жергілікті компаниялармен әріптестік орнатқан. EcoNetWork серіктестігі интерактивті экологиялық аймақ орнатады. Қатысушылар сөреде қажетсіз жылы киімдерін арнайы орынға қалдыра алады, кейін «Жылу» жобасының еріктілері оларды сұрыптап, мұқтаж жандарға үлестіреді. Қала тұрғындары да бұл қайырымды іске Ботаникалық бақтың кіреберісіне қойылған арнайы жәшік арқылы атсалыса алады.
«Almaty Marathon бірнеше жылдан бері инклюзивтілігімен, ұйымдастыру сапасымен және ауқымымен көш бастап келеді. Біз спорттық шара өткізумен ғана шектелмейміз, адамдарды саналы түрде спортпен шұғылдануға баулимыз. Жыл бойы A’SU Team by Almaty Marathon тегін жаттығулары өтеді, қыста 42,2 км қашықтыққа тіркелгендер үшін ашық топ жұмыс істейді. Биыл біз Community Almaty Run атты апта сайынғы кездесулерді бастады, онда бірге жүгіреміз, дәрістер тыңдаймыз, экологиядан бастап спортқа дейінгі түрлі тақырыптарды талқылаймыз. Марафон кәсіби спортшылар үшін де, әуесқойлар үшін де ашық, қоғамдағы оң өзгерістерге ықпал етеді», – деді Қордың атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.
Қатысушылардың қауіпсіздігін Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері, бас дәрігер және ұйымдастыру тобы қамтамасыз етеді. Барлық қашықтық бойында 10 веломедик, 90 медициналық ерікті, 13 медициналық бекет және 12 жедел жәрдем көлігі қызмет көрсетеді. Сөре-мәреде «қызыл» және «сары» аймақтарға бөлінген мәрелік госпиталь жұмыс істейді. Жалпы 70-тен астам дәрігер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылады.
Қатысушылардың жайлылығы үшін жарыс бойында тамақ пен су бекеттері, зат сақтайтын орындар және киім ауыстыратын бөлмелер ұйымдастырылады. Биыл алғаш рет ана мен балаға арналған бөлме, әйелдерге арналған толық жабдықталған санитарлық тораптар және ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған әжетханалар болады.
Қатысушы болса да, жанкүйер болса да, бұл марафон әркімге қызықты әрі жайлы уақыт өткізуге мүмкіндік береді.