Құрылтай қайта оралды, өлім жазасы жойылды: Бұл нені білдіреді?

Бұл жолғы подкаст қонағы – заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Әбдірасұлов, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әңгіме 2026 жылғы Конституциялық реформа төңірегінде өрбіді. Билік тармақтарының тепе-теңдігі шынымен өзгере ме, Құрылтайдың өкілеттігі Үкіметке нақты бақылау орната ала ма, әлде бұл формалды өзгеріс болып қала ма деген сауалдар талқыланды.
Сондай-ақ Конституциялық соттың күшеюі, азаматтардың тікелей жүгіну мүмкіндігі, аймақтардың дербестігі және адам құқықтарына берілген кепілдіктердің шынайы орындалуы сөз болды.




