Күрделі ота жасау бойынша мастер-класс өткізілді

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында күрделі ота жасау бойынша мастер-класс өткізілді.  Жүрек жетіспеушілігі және ес жоғалтумен асқынған жүректің қарыншаүстілік тахикардиясы мен жүректің қосымша өткізгіш жолдарына жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеу және радиожиілікті аблациялау отасы жүзеге асты. 

Мастер-классты аритмолог дәрігерлермен бірлесіп, Астана қаласындағы Президенттің Іс жүргізу басқармасы ауруханасының жетекші маманы Ринат Камиев өткізді.  Шеберлік сағатына Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері қатысты.

ПІКІР ЖАЗУ