Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Құралай ханым: «Әр қаладан 10 миллионнан алдым»

Блогер, психолог ретінде танымал Құралай ханым Аман Тасығанға берген сұхбатында Talk Like бағдарламасында қанша табыс тапқанын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, 7 қаланы аралап, қыруар қаржы тапқан.

«Санамаймын. Басында бір-екі жыл пайда таппадым. 2019 жылы бір жазда Қостанай, Семей секілді 7 қалаға бардым. Сол кездерде болды. Әр қаладан 10 миллионнан алдым», — дейді ол.

Ол бағдарламада табысы туралы сұраққа ыңғайсызданғанын жасырмады.

«Тапқан ақшамды жасырып қалған шығармын. Үй алғанымды айтайын ба, Lexus-ті орталықтан алғанымды айтайын ба, ел тағы «елді алдап ақша таптың» деп жазып кете ме деген қорқыныш болды. Ел вагон-вагонмен жұтып жатыр ғой. Мен 3000 мың теңге алып едім. Есесіне салық төлеймін. 2008 жылдан бері жеке кәсіпкермін. Хейттер «елді алдап ақша тапты» дейді. Шын ниетім «мен білгенді ел білсін» дедім», — дейді блогер.

Айта кетейік, бұған дейін танымал психолог Құралай ханым буддаға қандай қатысы болғанын мәлімдеген еді.

Сәйкес жаңалықтар

Әлем чемпионатында нысана көздеуден жерлесіміз алтыннан алқа тақты

admin

Мас халде көлік басқарған ер адам 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

admin

Қазақ-қырғыз шекарасына жақын аумақта жер сілкінді

admin