Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Құны 67 млн теңге болатын заңсыз темекі өнімдері анықталды

Атырауда 100 мың қорапқа жуық заңсыз темекі өнімдері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің рейдтік іс-шаралары барысында 67 178 454 теңге болатын 96 069 қорап заңсыз темекі өнімдері анықталды, — делінген хабарламада.

Кәсіпорын өз қызметін мемлекеттік кірістер органдарында темекі өнімдерін көтерме сатушы ретінде тіркеусіз жүзеге асырды.

Бүгінгі күні салықтық тақырыптық тексеру актісі жасалды. Қорытындысы бойынша тексеру материалдары процестік шешім қабылдау үшін сотқа беріледі.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандағы барлық мектепте кәсіби бағдар беру педагогтары жұмыс істейді

admin

Елімізде параспорт жүйелі түрде дамып келеді

admin

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin