Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
Арыс қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиянын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова жетекшілік еткен жиынға қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, әкімдік жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелері, аппарат қызметкерлері, бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде қоғамдық орындар мен көшелерде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мәселе қаралып, бұл туралы Арыс ауданының полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Омархан Әлхожаев арнайы баяндама жасады.
Сондай-ақ, көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы Арыс 1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Рамашов сөйледі.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – қоғамдық орындар мен көшелерде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Арыс қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қазыбек Ақылбай баяндап өтті.
Талқыланған мәселелер төңірегінде тиісті шешімдер қабылдану үшін сала мамандарына шұғыл тапсырмалар жүктелді.
Әрі қарай мәжіліс әкімдік жанынандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияға ұласты. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.