Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәжілісінде маңызды мәселелер қаралды

Бүгін Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған құқық қорғау органдары мен облыстық басқарма басшылары қатысты. Мәжіліске Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды төрағалық жасап, жүргізіп отырды. Маңызды жиынның күн тәртібінде үш мәселе талқыланды.

Алдымен «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету» мәселесі бойынша Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Нұрлыбек Әлібекұлы мен Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның баяндамалары тыңдалды. Комиссия мүшелері тарапынан осы бағыттағы жұмысты жандандыру, есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту жөнінде тиісті ұсыныс берілді.

ПІКІР ЖАЗУ