ҚР ТЖ министрі Түркістан облысына іссапармен келді

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Аринов Чингис Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге өңірдегі «Көксарай» су ретегішін аралап, қарап шықты. Сонымен бірге тікұшақ арқылы әуеден бақылап, шолу жасады.

«Көксарай» су ретегіші пайдалануға 2011 жылы берілген. Негізгі  мақсаты  – су тасқынының алдын алу. Көлемі – 3 000 млн. м3  су  шығару қабілеті – 500 м3/сек. Аралау барысында су реттегішінің жағдайымен танысып, мәселелерін талқылады.

«Көксарай» су ретегішінде құлақтандыру қондырғысы орнатылмаған. Су реттегіштің жағдайы қанағаттанарлықсыз. «Көксарай» су реттегішінің бөгетінде жыл сайын ыза (фильтрация) сулардың шығуы артуда. Бөгетке көпфакторлы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қорытындысын алғанша көп көлемді су жинау өте қауіпті екені атап өтілді.

Қазіргі таңда республикалық бюджеттен жобалық-сметалық құжаты мен күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген.

ҚР ТЖ министрі Аринов Чингис көпфакторлы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін, сонымен қатар дабыл қағу қондырғысын орнату, су қоймада су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шарасын сақтау қажеттігін айтты.

«Көктемгі су тасқынына дайындық сапалы болуы тиіс. Біздің міндетіміз – адамдарды қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жағдайдың өзгеруі туралы жедел хабардар ету қажет. Елді мекендерде су ағатын арықтарды тазалау бойынша уақтылы шаралар қабылдау керек» деді ҚР Төтенше жағдай министрі.

Облыста су тасқыны қаупі бар 1 елді мекен айқындалған, онда  665 үй мен 1620 адам бар.

Түркістан облысы ТЖД жағдайды тәулік бойы су қоймаларды бақылауда ұстап келеді. Жергілікті атқарушы органдар «Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына» сәйкес жұмыстарды алдын ала жүргізуде.

ПІКІР ЖАЗУ