ҚР президентінің баспасөз хатшысы тағайындалды

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Ол бұған дейін ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары болған еді.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.

Білімі:

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.
  • 2012-2018 жылдары – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер;
  • 2018-2019 жылдары – Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы;
  • 2019-2020 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2020-2022 жылдары – Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
  • 2022 жылғы ақпаннан бастап ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

ПІКІР ЖАЗУ