Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің тарихына шолу

 Аңыз бойынша, Ясауи Мұхаммед пайғамбардың шәкірті болған. Ол 1166 ж қайтыс болып, үлкен құрметпен кішкентай кесенеде жерленді. Бұл жер бүкіл мұсылмандарға киілі орынға айналды.
Қазіргі кесене Ясауи қазасынан 233 жыл өткеннен кейін Әмір Темір бұйрығымен салынды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі үлкен тікбұрышты, порталды-күмбезді ғимараттан тұрады. Сыртқы қабырғалардың қалындығы 2 м, орта залдың қабырғаларының қалындығы 3 м. Ғимаратта үлкен кіру порталы және көптеген күмбездер бар. Кесенеде түрлі мақсатқа арналған жалпы саны 35 бөлме бар. Кесенеде Орта Азияда ең үлкен кірпішті күмбездердің бірі орнатылған. Қазақ хандық кезінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі хан резиденциясы болған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орта ғасыр сәулетінің үздік үлгісі. 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізілді. 2022 жылдың 5 ай қортындысы бойынша Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілердің саны 172 070 мынан асты. Әр айдың 3 жексенбісі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілерге кіру ақысыз. Кесене жарық шамдармен жабдықтаған, түнде Кесене жарқырап көрініп туристтерге жағымды әсер қалдырады.

 

ТегтерТарих

ПІКІР ЖАЗУ