Қос қарияны мерекемен құттықтады

Даналықтың алтын кілті қарияларда. Өмірден көргені мен түйгені мол асыл әжелеріміз бен абыз ақсақалдарымыздың орны әрқашан төрде. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қариясы бар үйдің – қазынасы бар. Халқымыз “Атасыз үй – батасыз, ал анасыз үй – панасыз” деп те атаған. Елдің тыныштығы мен тұтастығының, бірлігі мен берекесінің сақталуына үлестерін қосып отырған ардагерлеріміз барлық кезде құрметке ие.

Ауданның өсіп өркендеуі жолында еңбек етіп, бүгінде бейнеттің зейнетін татып отырған қазыналы қарияларымызға қамқорлығын аямаған аудан әкімі Төлеген Телғараев ҰОС –ның ардагері Рысмет ата мен тыл еңбеккері Майдан апаны мерекемен құттықтады. Ардагерлермен кездесуге аудан әкімімен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша аудан аралық басқарма басшысы Еркін Асанов пен аудандық полиция бөлімінің басшысы Руслан Ендібаев арнайы барып, қос қарияға ізгі тілегін жеткізіп, сый-сияпат жасады. Аудан басшысы кездесуде зейнеткерлердің тұрмыс деңгейін көтеру мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі екенін айтып, еліміздің гүлденуіне бар күш-қайратын, ақыл-парасатын жұмсап жүрген аға буын өкілдеріне мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтар жайын сөз етті. Кейіннен, құрылысы бітіп, пайдалануға берілгелі тұрған «Ардагерлер үйі» туралы әңгімеледі.

Құрылыс жұмыстарына аудан тумалары, кәсіпкерлер қолдау көрсеткен “Ардагерлер үйінің” ауданның 90 жылдық мерейтойын қарсаңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ғимаратта ардагерлердің еркін тынығуы үшін жұмсақ жиһаздар, теледидар, шахмат, дойбы ойнайтын, газет-журналдар оқитын үстелдер қойылады. Олардың еркін пікір алмасып, басқосулары тиімді өтуіне мүмкіндіктер жасалған. Түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға арналған мәжіліс залы да орайластырылған.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ