Көршісіне былапыт сөздер айтқаны үшін қамауға алынды
Түркістан облысының Отырар аудандық сотының 2023 жылғы 29 тамыз қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, ол 5 (бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Себебі, сотта 2023 жылғы 22 тамызда сағат 11.40 шамасында Отырар ауданы, М.Шойманов ауылында, жәбірленуші С.Н-ға былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiрген.
Әкімшілік іс жүргізу қатысушыларын тыңдап, істегі құжаттарды зерттеп, сот келесі тұжырымға келді.
ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттері үшін бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
Сот, құқық бұзушы әрекетін құқыққа қарсы сипатын сезiніп, зиянды салдардың туындауына саналы түрде жол бергендіктен, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасаған деп таныды.
Себебі құқық бұзушы қоғамдық орында бола тұра, жәбірленушіге былапыт сөйлеп, ұсақ бұзақылық жасаған.
Құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті үшін кінәсін мойындаған түсініктемесімен, жәбірленушінің көрсетуімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жаза қолдануда жасаған әкімшілік құқық бұзушылық әрекетіне өкінуін, оны бірінші рет жасауын жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныса, ал оның жауаптылығын ауырлататын мән-жайлары болмаған.
Сондықтан құқық бұзушының жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын, және оның жасалу мән-жайларын ескеріп, сот оған құқық бұзушылық жасаған үшін 5 (бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын қолдануды дұрыс деп есептеген.
Сот қаулысы заңды күшінен енбеген.